Мектеп тарихы » «№92 жалпы орта мектебі» КММ
Школа №92
Телефоны приемной:
(9283) 26-22-04
(9287) 532-92-22
Версия для
слабовидящих
21
апрель
2025

Мектеп тарихы

    «№92 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алғаш рет  Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 25 маусымдағы №432 қаулысы мен Қазақ КСР Білім министрінің 1957 жылғы 29 маусымдағы №16 бұйрығы негізінде 1957 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған   Сайрам №3 мектеп-интернаты   мемлекеттік мекемесі болып құрылды. 

    2005 жылы 2 наурыздағы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімімен  №4 Сайрам балалар үйі мемлекеттік мекемесі бөлінетін болып қайта құрылды.

      Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылдың 24 желтоқсандағы «Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» №371 Қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының 2013 жылдың 10 желтоқсандағы №21/117-У шешімі, Оңтүстік Қазақстан қаржы басқармасының 2014 жылдың 23 қаңтардағы «Мемлекеттік заңды тұлғаларды мүліктік кешендер ретінде және мүліктерді беру туралы» №10 бұйрығы және Шымкент қаласы әкімдігінің 31.01.2014 жылғы «коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта атау және жарғыларын жаңа редакцияда бекіту туралы» №82 қаулысының негізінде  қалаға өтті.

    Мектеп ғимараты  №4 балалар үйімен 04.10.2019 жылдан  №240 келісім -шарт негізінде 10 жыл мерзімге жалға алынған.

  Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты  «№92 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  124 қызметкер жұмыс істейді. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив